Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары қосылған полицияның кіші басқару орталығы арқылы аумақтағы бейнежазбаларды толық зерделеді. Нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды.
– Белгілі болғандай, ВАЗ 2105 көлігінің жүргізушісі шыршаны айналмақ болып, көлікті басқара алмай, соғып кеткен. Жас жүргізуші шыршаны қалпына келтіріп, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылыққа жол бермейтінін айтты. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылып, автокөлік айыптұраққа қойылды, – деп жазылған облыстық ПД хабарламасында.